Ауру баланың атын жамылып ақша таппақ болған алаяқтар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауру баланың атын жамылып ақша таппақ болған алаяқтар анықталды

Ауру баланың атын жамылып ақша таппақ болған алаяқтар анықталды

Алаяқтар ауру баланың атын жамылып пайда таппақшы. Лейкоз дертіне шалдыққан ақтөбелік бүлдіршіннің суретін әлеуметтік желілерге ілген олар өз шоттарына ақша салуды сұраған. 

  • 13 Тамыз 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz

Олардың арам ісін науқас баланың туыстары да көріпті. Ең сорақысы ақтөбелік Әлиханның суретінің астына атын өзгертіп Руслан деп жазып қойған. Одан соң өздерінің банктегі нөмірлерін көрсетіпті. Бүлдіршіннің ата-анасы Құдайдан безгендердің әрекетіне қатысты тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Ал кішкентай Әлихан болса шынымен ақ қан дертіне шалдығып, қазір Изральдің емханасында жатыр. Дертінен толық айықтырып беру үшін шетелдік дәрігерлер 300 мың доллар сұраған. Осындай қиын кезде өзгенің қайғысын пайдаланып қалмақ болғандар анықталып, жазаланса дейді туыстары.


Болат Өтеев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

— Енді Ішкі істер департаментіне шағымдандық. Мұны істеп отырғандардың кім екенін білмейміз. Адамдардың қайғысын бас пайдаларына жарататын ондай адамдардың жүрегі жоқ екен.