“Ауру болып тынатын болдым” Жайдарманшы Мереке Қалбаева халықтан көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ауру болып тынатын болдым” Жайдарманшы Мереке Қалбаева халықтан көмек сұрады

“Ауру болып тынатын болдым” Жайдарманшы Мереке Қалбаева халықтан көмек сұрады

Актриса Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жылап отырған видеосын жариялады. 

  • 4 Ақпан 2022
  • 21994
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Мереке Қалбаева инстаграм парақшасында мынадай жазба жариялады:

"Барлық жаратылыстың иесі Алла Тағалам аналарды баламен сынамасыншы.

Айгерім жаным бір Алла жар болсын!

Айгерімнен барлығы бас тартқан тіпті ата-анасы.

Бірақ ол балаларының емделіп кетуіне сенеді.

Үлкен баласы қызын қаттттты ұралы, талай рет талдырып қойған екен.

Аллам өзің көмектесші.

@dauletten Алла разы болсын жақсы адам

Көп түкірсе көл болады Айгерімге бірінші тездетіп үй алып берейікші.

(Маған мән бермеңіздер мен барлығын жүрекке алатын өте әлсіз адаммын ауру болып тынатын болдым)
",- деді.

Айгерім есімді екі баланың анасының мұңы қазақ халқын бей-жай қалдырмады.

Аутизммен ауыратын екі перзентімен бірге Айгерімді ата-анасы үйінен қуып шыққан.

Балаларының емделуіне үлкен үмітпен қарайтын ана, қазақ халқынан қолдау сұраған болатын. 
"Дәулеттен" қайырымдылық қоры бір тәулікте 16 млнға жуық қаржы жинап, Айгерімге баспаналы болуына көмектесетінін айтты.

https://www.instagram.com/tv/CZhJh0Op26D/?utm_medium=copy_link

Соңғы жаңалықтар