Ауыл әкімі ерлік жасаған қыздың сұхбат беруіне тыйым салған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл әкімі ерлік жасаған қыздың сұхбат беруіне тыйым салған

Ауыл әкімі ерлік жасаған қыздың сұхбат беруіне тыйым салған

Ақтөбе облысында алтыншы сынып оқушысы бауырларын ажалдан аман алып қалды. Нұрбұлақ ауылында тұратын 12 жастағы  Кәмшат Байғозы отқа оранған үйден екі сіңлісін құтқарған- деп жазады КТК телеарнасының сайты. 

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 699
Фото - Caravan.kz

Қаршадай қыздың ерлігін қазір ауыл тұрғындары жыр қылып айтып жүр. Кәмшат сол күні мектепке баруға жиналып жатады. Бір мезетте дәліздегі газ пеші атылып, үйдің бір жақ бөлігі өртене бастайды. Сол бойда терезені шынтағымен сындырып бесікте жатқан сіңлісін  далаға шығарған. Екінші бөлмедегі бауырын да құшағына басып шығарып алыпты.  Тіпті шыны тиген білегіндегі қанға да мән бермеген екен. Ауыл тұрғындары қызыл жалынға оранған үйге жақындауға қорқып, қарап тұрыпты.

Қазір  қаршадай Кәмшат Байғозы отбасымен бірге туыстарының үйінде тұрып жатыр. Күлге айналған баспаналарын келер жылы қайта тұрғызбақшы. Бірақ  ержүрек  қыздың сол күнгі оқиғаны айтуға құлқы жоқ. Себебі: ауыл әкімі өртенген үйді тілшілерге көрсетуге және сұхбат беруге тыйым салыпты. Ал тұрғындар оны мемлекеттік марапатқа ұсынғысы келеді. Бірақ ауыл әкімі тағы да оларды тыйып тастаған. Шенеунік   әрекетін былай түсіндірді: 

Берік Кныков, Қарағаш ауылдық аймағының әкімі:

— 16 желтоқсан күні марапаттайын деп айтқан едім.  Қазақтың мақалы бар ғой, «Бүлінгеннен  бүлдіргі алма» деген.   Бүлінген нәрсені көрсетпе дейді.