Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа түсті

Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты іс сотқа түсті

Қаржы полициясы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевке қатысты тергеуді аяқтады. Қазір айыпталушыға қатысты құжаттар оның адвокаты мен сотқа жөнелтілген.

  • 21 Мамыр 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Вице-министр былтыр желтоқсанда тұтқындалған болатын. Экс-шенеунік тендерді ұтып алуға жәрдемдесемін деп, таныс кәсіпкерден 100 мың доллар пара алды деп айыпталуда. Айта кетсек, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі бірінші былық емес. Өміраевтың артынан қаржы полициясы осы ведомствоның Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаевты да парамен ұстаған еді. 28 жастағы «Болашақ» бағдарламасының түлегі де 720 мың теңгеге тендер саудасын қыздырмақ болған. Бақтыбаевқа қатысты қазір сот жүріп жатыр. Ал Мүсілім Өміраевтың ісі енді тергеліп бітті. Соты жақын арада басталмақ.