Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерін төмендетілген бағамен сата бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерін төмендетілген бағамен сата бастады

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылық өнімдерін төмендетілген бағамен сата бастады

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ауыл шаруашылығы министрлігі "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ арқылы бүгіннен бастап ауыл шаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін халыққа төмендетілген бағамен сата бастады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2008
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Бұл шара ішкі нарықты толтыру және тұтынушылар нарығындағы ауыл шаруашылық тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып отыр. Етті, бірінші кезекте, осы өнімнің бағасы республикалық көрсеткіштен жоғары болып отырған Астана, Алматы және Ақтау қалаларында сатылуын ұйымдастыру жоспарланып отыр», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, ауыл шаруашылық өнімдерін сату нүктелері келесі мекенжайларда орналасқан: Астана қаласында — «Шапағат» ЖШС, Бөгенбай батыр даңғылы 69 үй; Алматы қаласында — «Әрекет групп» ЖШС, Төле би көшесі 202-а үй; «Жер ана» ауыл шаруашылық компаниясы» ЖШС, Ұлжан ықшамауданы 508 үй; Ақтау қаласында — «Берекет» МҚК, 23 ықшамаудан №100 ғимарат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті