Оның хабарлауынша, биылғы республикалық бюджетті нақтылау жұмысы аясында игерілмеген қаражаттың барлығы кері қайтарылады. Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша 9 млрд. 678 млн. теңге, ҚР Қаржы министрлігі — 8 млрд. 538 млн. теңге, ҚР Білім және ғылым министрлігі — 7 млрд. 240 млн. теңге, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі — 6 млрд. 345 млн. теңге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі — 6 млрд. 55 млн. теңге, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі — 2 млрд. 285 млн. теңге, ҚР Қауіпсіздік комитеті — 1 млрд. 411 млн. теңге, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі — 1 млрд. 388 млн. теңге, ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 млрд. 304 млн. теңгені игермеген.