Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін жер салығы 5 есеге өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін жер салығы 5 есеге өседі

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін жер салығы 5 есеге өседі

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған ақпараттық-насихаттау тобы Ақтөбеге барды.

  • 31 Қазан 2014
  • 720
Фото - Caravan.kz


Олар Мәртөк ауданындағы бірқатар ауылшаруашылық кәсіпорындарда болды. Одан соң «Агробизнес-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті.

— Өзгерістер ауылшаруашылығына салық салу саласында орын алмақ. Оның ішінде жер салығы 5 есеге артады, алайда көлік, мүлік салықтары тәрізді бірқатар салықтар алынып тасталады. Қоршаған ортаға қатысты эмиссия нөлге дейін төмендейді. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін салық салмағы артпайды, — деді А. Мамытбеков.

Сонымен қатар кәсіпорындар — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қосымша құн салығы саласында да оң өзгерістер байқалмақ. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде ет, жүн және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес жүргізу жоспарлануда.

— Шаруа қожалықтары қосымша құн салықтарын төлемейді, олардың өнімін сатып алған өңдеуші кәсіпорын бұл салықты бүкіл айналымнан төлеуі тиіс. Енді өңдеуші кәсіпорын бүкіл қосымша құн салығын өзі төлеген жағдайда ол бюджеттен қайтарылып берілетін болады, — деп мәлім етті министр.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан қайта сақтандыру қорын құру арқылы шаруа қожалықтарын сақтандыру бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Ведомство басшысы таяудағы жылдары ауыл шаруашылығының дамуына кедергі жасап отырған үш негізгі мәселені шешу мақсаты қойылғанын атап өтті, олар: жоғары қатерлер, төмен рентабельділік, төмен кепілдік базасы.