Жарияланды: 60

Ауыл студенттері онлайн оқу үшін қаладан пәтер жалдауға мәжбүр

Ауыл студенттері онлайн оқу үшін қаладан пәтер жалдауға мәжбүр Сурет - Aikyn.kz

Шығыс Қазақстандағы Ресеймен шекаралас жатқан Қоянбай ауылының студенттері онлайн оқу үшін қаладан баспана жалдауға мәжбүр.

Себебі, шалғайдағы елді мекенде интернет  тұрмақ , ұялы байланыс желісі де жоқ.  Қоянбайлықтар қаладағы балаларының  жалдамалы пәтерлерін төлейміз деп әбден шығынға батыпты. Ал бұл мәселеге жүрдім-бардым қарап жүрген жергілікті биліктіге атқамінерлер  тіпті шекаралық аймақтағы ауылға ат ізін салуды да қойған екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Аязға қарамастан  ауыл орталығына жиналған мына жұрттың зары бәріне ортақ.  150-ге жуық түтіні бар Қоянбай ауылында  не ұялы байналыс желісі, не ғаламтор жоқ. Бұл жағдай қашықтан білім алып жүрген студенттер үшін қиын болып тұр. Олар облыс орталығынан пәтер жалдауға мәжбүр. Ал туыстармен хабарласып, амандық білуге тұрғындар ат шаптырым жердегі  көрші ауылға барады.

САМАЛ ТОҒАНБЕКОВА, ҚОЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Мен көпбалалы анамын.  "Күміс алқа" иегерімін. Өз екі балам студент.  Қалғандары оқушы,  осында ауылда. Екі студент баламды қаңғыртып, қазір, квартира жалдауға мәжбүрміз. Қазір онлайн сабақ болса да квартира төлеу өте қиын. Күйеуім заезда жүреді. Ақшасы біресе былай, біресе былай. Енді, осындай қиын кезде ең алдымен  кезге, интернет, сеть керек!".

ГҮЛНҰР БАЙГУСЕНОВА, ҚОЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Президентіміздің нұсқауында приказдар бар жан-жақта. Самый главный айтты ғой, шекарасы бар жерлерде құру керек деп. Шекарасы бар, Россияда отырмыз, міне. Бізге неге ондай интернет құрылмайды".

Қоянбайлықтар шекаралық аймаққа көңіл бөлінсе екен дейді. Себебі, ұялы байланыс пен интернет желісінің жоқтығы ғана емес, жарық пен су мәселесі де  ауылда өткір тұр.  Мұңдарын шағып,  тиісті мекемелерге талай рет  хат да жазыпты. Алайда жанайқайымызға құлақ салар жан   жоқ деп  қапалы.

МЕДЕТ АХМЕТЖАНОВ, ҚОЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Бәрі келеді де бізге өтірік обещать ете береді, береді. Келеді, бәрін істейміз дейді. Интернет құрамыз дейді.  Сосын алады да, өзі Ерназардың өзінің әкімі Әсия деген. Өзі сол Ерназардікі. Бәрін өздеріне істейді. Интернетті де бірінші бізге обещать еткен. Алды да өздеріне құрып алды бірінші очередь.  Біздің Қоянбай, міне, қала береді".

АДАМ БОЛАТХАНОВ, ҚОЯНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Ерназар әкіміне бардық. Біздің әкімнен буквально, элементарно бір сұрақ бердік: Сіз қашан Қоянбайда ақырғы рет болдыңыз?. Ол элементарно жауап береді бізге: жарты жыл бұрын болдым деп. Мына 20 шақырым тұрған жерге өз астындағы машинасымен бір келіп-кетуге болады ғой, хотя бы".

Жетім баланың күйін кешкен ауылға  түсірілім тобы келді дегенді естіп, екі өкпелерін қолдарына ұстап жетіп келген  әкімдік қызметкерлерін  жұрт  жерден алып, жерге салды.  Іштеріне  әбден толып қалған мұң-шерлерін жапа-тармағай ақтаруға тырысқан халық  шендіні төпеп  тастайды деді ма екен,  тәртіп сақшылары да қырағылық танытып, сақ тұрды. Ауылдың шекаралалық аймақ екенін де ескерсе керек.    
"Біздің адамды қойсын!"
"Әкім неге  келмеді?".   

СҰҢҒАТ НАЗАРОВ,  БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ,ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ  ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
"Картелл, Қазақтелеком, Теле-2 операторларымен облыс деңгейінде келісім-шарт бар. Желтоқсан айында барлық құрылғылар қойылып, 4G интернет болады ауылда".

Кездестейсоқтық па,  жоқ па, бұрындары ауылда болмаған ұялы байланыс желісі ешқандай қондырғысыз-ақ, біздің көзімізше  іске қосылды.  Балаша қуанған ауыл тұрғындары түсірілім  тобы  ауылдан  аяқ суытқан соң, байланыс  қайта  жоғалып кете ме  деп алаңдаған күйі қалды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін