Ауылдағы пошта жаппай жабылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылдағы пошта жаппай жабылып жатыр

Ауылдағы пошта жаппай жабылып жатыр

Ауыл-аймақтағы пошта бөлімшелері жаппай жабылып тынуы мүмкін. Өйткені, «Қазпоштаға» шалғайдағы жұртқа қызмет көрсету тиімсіз екен. Қазірдің өзінде «табысы төмен» деген сылтаумен өңірлерде ондаған бөлімше жұмысын тоқтатқан.

  • 26 Ақпан 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Осылайша ауылдағы ағайын айына небары екі-ақ рет көрсетілетін пошта қызметінен де қағылып отыр. Енді тұрғындар зейнетақы, несие төлеу, тіпті  қарапайым анықтама алу үшін жүздеген шақырым жердегі облыс не аудан орталығына қатынауға мәжбүр. Осылайша «Қазпошта» мекеме шығынын қысқартпақ. Алайда, жаппай қысқарту дау тудырып жатыр. Бүгін Мәжіліске шақыртылған «Қазпошта»-ның басшысы ауылдардан үнемделген қаржының қайда жұмсалғанын түсіндіріп бере алған жоқ. Керісінше зейнетақы мен  жәрдемақыны уақытылы төлеу үшін қазынадан тағы 6 миллиард теңге сұрады. Депутаттар болса, сапалы қызмет көрсетудің орнына, Үкіметке алақан жайып келген  «Қазпоштаның»  басқарма төрағасын  сынға алды.


Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

-Сіздер қосымша қаржы сұрап отырсыздар. Бірақ одан не өзгереді. Субсидия алсаңыздар, ауылдарда жабылып қалған бөлімшелер қайта ашыла ма? Немесе әр ауылға хат таситын жеке автобус бөліне ме? Ешқандай жоспар жоқ. Оның үстіне «Қазпошта»  акционерлік қоғам, ендеше бюджет неге қаржы бөлу керек?