Ауылшаруашылығы министрлігі көкөністерді жабық жағдайда өсіруге субсидия бөле бастауды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылығы министрлігі көкөністерді жабық жағдайда өсіруге субсидия бөле бастауды жоспарлауда

Ауылшаруашылығы министрлігі көкөністерді жабық жағдайда өсіруге субсидия бөле бастауды жоспарлауда

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылығы министрлігі келесі жылдан бастап көкөністерді жабық жағдайда өсіруге субсидия бөле бастауды жоспарлауда. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Біз келесі жылы қорғаудағы топырақты өңдеуге жұмсалытын қаражаттың бір гектарының құнына субсидия бөлудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырмақшымыз. Бұл ерте пісетін көкөністер өндірісін дамытуға маңызды ынталандыру болмақ», — деп мәлімдеді А. Күрішбаев.

Өз кезегінде министрліктің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буцьтің айтуынша, бұл норма министрлік дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасында қарастырылған.

А. Буць сондай-ақ, қазір «ҚазАгроМаркетинг» АҚ мәліметіне сай елімізде жұмыс аумағы 48,8 гектарды құрайтын 62 жылыжай жұмыс істейтінін айтты. Олар ерте піскен көкөніске деген сұраныстың небәрі 4 пайызын ғана қамтамасыз етеді. Оған жабық жайлар алаңының тапшылығы мен көкөніс дақылдарының шығымдылығының төмендігі себеп. Бұл мәселені шешу үшін «2008-2009 жылдары ӘКК-лар, «ҚазАгро Ұлттық холдингі» АҚ мен потенциалдық қожайындардың қаражатының есебінен 20,9 гектарда жылыжай кешендерін салу жоспарланған».

Республиканың қала тұрғындарының саны мен ұлттық тұтыным нормасын ескергенде көкөністер, жемістер мен картоп сақтау қоймаларының қуаттылығына деген сұраныс 684,2 мың тоннаға тең. Ал «республикада қала тұрғындарына арналған көкөністер, жемістер мен картоп сақтайтын 291 қойма бар, олардың жалпы сыйымдылығы 358,7 мың тоннаға тең»,- деді А.Буць. «2008-2009 жылдары жиынтық қуаты 34,9 мың тонна болатын 10 қойма салынатынн ескергенде қосымша қоймаларға деген сұраныс 290,6 мың тоннаға тең», — деді ол.

Сонымен бірге ол жергшілікті жерлерді бар жылыжайлардың ескіргенін және облыстық ауылшаруашылығы департаменттерінің жылыжайлар мен қоймалар қорына қатысты ақпараттарының нақтылығына сұрақ туындайтын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті