«ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін минералдық тыңайтқыштарды сатып алу мен қолдануға ынталандыру үшін оларға дотация бөлу тетіктерін жетілдіріп, дотацияны оларға егістіктің бір гектарына бөлмей, бір тонна минералдық тыңайтқышты сатып алуға жұмсаған қаржыны арзандатуға бөлмекші. Минералдық тыңайтқыштарды жеке бағдарламаға қамту жоспарлануда», — деді А. Буць.
Оның айтуынша, «кейінгі бес жылда минералдық тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі екі еседен артық өскенімен ең төменгі норманың 12%-ын ғана құрап, бәрібір төмен деңгейде қалып отыр». Өткен жылы тыңайтылған алқаптардың үлес салмағы небәрі 18% құрады.
«Егер Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында минералдық тыңайтқыштарды қолдану ауқымы бірнеше есе арту ағымы байқалса, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында қарқын 0,3 — 3,1% деңгейінде ғана қалуда», -деді А. Буць. «Бұның бәрі топырақтың құнарлылығына әсер етпей қоймады»,- деді ол.
Осыған байланысты оның пікірінше, «облыстық атқарушы билік органдары минералдық тыңайтқыштар өндірушілермен және оларды сатушылармен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қою орынды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті