Ауылшаруашылық кәсіпорындары халықаралық стандарттарға көшуге асықпай отыр - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылық кәсіпорындары халықаралық стандарттарға көшуге асықпай отыр - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Ауылшаруашылық кәсіпорындары халықаралық стандарттарға көшуге асықпай отыр - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар өз іс-қызметінде HACCP немесе ISO-22000 халықаралық стандарттарына көшуге асықпай отыр. Бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің өңдеу өнеркәсібі және ДСҰ департаментінің директоры Айна Құсайынова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 907
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі таңда елімізде HACCP жүйесін енгізу жайы сын көтермейді», — деді А. Құсайынова.

Оның айтуынша, 2006 жылдан бері ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі арнаулы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруда, «оның аясында кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуге қатысты шығындарының 50% республикалық бюджеттен өтелуде».

«Алайда, облыстардағы жағдайды алып қарасақ, кәсіпорындардың небәрі 5% бүгінде осы стандарттарға көшіп отыр. Ақмола, Қостанай және басқа да бірқатар облыстарда ең осал ахуал байқалуда, бұларда халықаралық стандарттарға көшкен кәсіпорындардың саны 3%-дан аспайды», -деді А. Құсайынова.

Оның ақпаратына сәйкес, «ағымдағы жылы 83 кәсіпорын халықаралық стандарттаға көшу сатысында». «Алайда, кейбір облыстарда кәсіпорындардың бұл мәселеге жауапсыз қарап, аталмыш бюджеттік бағдарламаларға атсалысудан бас тарту оқиғалары көрініс беруде», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті