Ауыртпалық активтері қорының тұжырымдамасы 1 қазанға дейін үкіметке таныстырылуға тиіс - Жәмішев
Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ауыртпалық активтері қорының тұжырымдамасы 1 қазанға дейін үкіметке таныстырылуға тиіс. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қазір тұжырымдаманың жобасын жасау іс-шараларының жоспары бекітілді, ал тұжырымдаманың өзін біз үкіметке 1 қазанға дейін таныстыруға тиіспіз. Қазір ақылшылармен, инвесторлармен, банктермен келіссөздер жүргізілуде, мемлекеттік органдар өз ұсыныстарын сабақтастыруда, яғни, тұжырымдаманы дәйектеуге бір ай мұрсат берілген", -деді Б. Жәмішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін