Австрия Италиямен арадағы шекарасына қорған тұрғызып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австрия Италиямен арадағы шекарасына қорған тұрғызып жатыр

Австрия Италиямен арадағы шекарасына қорған тұрғызып жатыр

Италия мен Австрияның шекарасында қорған пайда болады. Бреннер асуында мамырдың соңына дейін бой көтеретін қоршаудың ұзындығы 250 метрді құрамақ. Балқан бағыты жабылғаннан кейін босқындар дәл осы асу арқылы Австрияға ағылуы мүмкін. Ел билігі сол себепті қоршау қоюға мәжбүр болғандықтарын айтады. Бреннер асуы «Еуропаның көпірі» атанып кеткен. Онда шойын жол да, автокөлік жолы да бар. Енді бұл аралықта босқындар үшін Италия мен Франция шекарасындағы Вентимилья қаласы секілді жабылды. Себебі, мұнда Шенген келісімінің күші жойылған. Сондықтан Австрия ұзындығы 250 метр болатын қорған тұрғызып жатыр. Ал ел билігін райынан қайтарамыз деген оймен Италиядан Австрияға өте алмай тұрған босқындар өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Бірақ құжатсыз босқынға есік жабық. Римнің сескенетін жөні бар. Себебі, Грекия сияқты соғыстан бас сауғалағандардың мәселесі ушығып кетуі әбден мүмкін. Бүгінде ресми Афинада өзге елге өте алмай жүрген 40 мың босқын бар. Осыны пайдаланған контрабандашылар шекарадан өткіземіз деп ашық парақшалар таратып жүр.

  • 13 Сәуiр 2016
  • 364
Фото - Caravan.kz

Самир, Ирактан келген босқын:

— Қазір көптеген отбасы контрабандашылардың ұсынысын қарастырып жатыр. Олар әуе, құрлық және теңіз арқылы алып өтеміз деп сендіреді. Македония, Сербия, Хорватия, Австрия, Словения елдері шекарасын жапқан. Италияға ғана жол ашық. Соңғы үш айда Италияға теңіз арқылы 20 мың мигрант келген. Мамандар мұны тек бастамасы деп отыр. Италияның құзырлы мекемелері алдағы уақытта Сицилия жағалауы босқындар келетін басты бағытқа айналады деп дабыл қағуда. Оларды қабылдайтын лагерьлер де адамға лық толған. Қазір бұл орталықтарда 110 мың адам тұрады. Ал сарапшылар жағдай осылай жалғаса берсе, Италияны жаппай күйреу күтіп тұр деген пікірді айтады.


Франческо Керубини, Г.Карли атындағы LUISS халықаралық және еуропалық ұйымдарды зерттеу ортылығының үйлестірушісі:

— Еуропа елдері өзара мәселені талқылап, тығырықтан шығатын шешімге келуі керек. Тым болмаса, талпыныс болса екен. Шенгенді жойдық деп әрқайсысы жеке-жеке болып кетті. Еуропалық одаққа мигранттардың басым бөлігі келетінін ескерсек, бұл мәселе барлығына бірдей өзекті. Бүгінде Бреннер асуына күніне 20-30 босқын келеді. Бұл көрсеткіш аз болып көрінгенімен, билік оның кез келген уақытта ұлғайып кетуінен қауіптенеді. Ал Австрия президенті Хайнц Фишер шекарада тікенек сым болмайды деп мәлімдеді.