Жарияланды: 390

Автобуста ақшасын қайтаруды сұраған екі жолаушыны ұрып тастаған ОҚО тұрғыны ұсталды

Автобуста ақшасын қайтаруды сұраған екі жолаушыны ұрып тастаған ОҚО тұрғыны ұсталды

Екі әйел адамға дене жарақаттарын келтірді деген күдікпен Астана қаласының полициясы 19 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын ұстады,

деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-інің баспасөз қызметінен.

«1 тамызда Астана қаласы ІІД-іне дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша 27 жастағы екі азаматша арызданды. Зардап шегушілердің айтуынша, «Астана-Шымкент» бағытында жүретін жекеменшік автобус жүргізушісіне екі орынға ақша төлеп, содан кейін бағасын жоғары деп есептегендіктен, одан ақшаны қайтарып беруді сұраған. Осыдан кейін екі арада кикілжің туындап, жүргізушінің танысы оларға жарақат келтіріп, қашып кеткен», делінген хабарламада.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Дене жарақаттарын келтірген 19 жасар ОҚО тұрғыны анықталып, ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін