Іс-шара аясында патруль көлігіне орнатылған бейнетіркеуіштің көмегімен қоғамдық көлік жүргізушілерінің бағыттар бойынша тәртіп бұзушылығын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының және такси көліктерінің апатқа ұшырау жағдайларын төмендету, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілердің тәртіп бұзушылығының жолын кесу, сондай-ақ, қоғамдық көліктің халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады.