Автокөліктерді жеңілдікпен кедендік рәсімдеудің мерзімі 2 күннен кейін аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокөліктерді жеңілдікпен кедендік рәсімдеудің мерзімі 2 күннен кейін аяқталады

Автокөліктерді жеңілдікпен кедендік рәсімдеудің мерзімі 2 күннен кейін аяқталады

ҚР үкіметінің жеке тұлғалардың автокөліктерді жеңілдікпен кедендік рәсімдеуі туралы қаулысының мерзімі 2 күннен кейін аяқталады,

  • 29 Маусым 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz



деп еске салады ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті (КБК).

«ҚР үкіметінің 2010 жылдың 1 шілдесіндегі «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді өткізу мәселелері туралы» №682 қаулысының мерзімінің бітуіне 2 күн қалды», — делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Ведомство осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Қазақстан шекарасында сақтау орындарында немесе өткізу бекеттеріне жеткізілетін көлік құралдарын кедендік тазартудан өткізу үшін кезек күттірмей кеден органдарына бару қажеттігін еске салады.

«Көліктің қай жерде екенін және ҚР аумағында орналасқан өткізу бекетіне келу күнін анықтау үшін сіздің көлігіңізді жеткізу бойынша қызмет көрсетуші экспедиторлық, көліктік компанияларға хабарласу керек», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

КБК-нің хабарлауынша, көлікті уақытында кедендік рәсімдеу, кедендік декларациялау және кедендік тазарту үшін 1 шілдеге дейін жеңіл көліктер жеткізілетін өткізу бекеттеріне бару керек.

Соңғы жаңалықтар