Автокреслоны жақтап дауыс берген депутаттар Ішкі Істер министріне қайта шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автокреслоны жақтап дауыс берген депутаттар Ішкі Істер министріне қайта шүйлікті

Автокреслоны жақтап дауыс берген депутаттар Ішкі Істер министріне қайта шүйлікті

Атышулы автокресло төңірегіндегі дау толастар емес. Бұл жолы депутаттар балаларға арналған орындықтарға техникалық регламент енгізуді талап етуде.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 247
Фото - Caravan.kz

Өйткені, «Жол қозғалысы» туралы жаңа заңда балаларға арналған автокреслоның  материалы, көлемі, сапасына, қауіпсіздігіне қатысты норма мүлдем жоқ.  Сондықтан жол бойында тұрған полицей жүргізушіні тоқтатып ойына келген орындықты сұрауға құқылы. Мұның соңы жемқорлыққа апарады. Тиісті техникалық регламент заңда ашылып жазылмағандықтан әркімдікі өзіне дұрыс. Құжаттағы осы олқылықты тиімді пайдаланғандар автокреслоны кәдімгі көрпешеден тігіп алып қулыққа көшіп жатыр. Депутаттар сондай қарама-қайшылықты дереу жоюды сұрауда. Кезінде заңды ың-шыңсыз қабылдап жіберген халық қалаулылары енді Ішкі Істер минисріне сөзін өткізе қор боп отыр. Сондықтан еліміздің бас полицейін райынан қайтаруды Үкімет басшысынан тағы сұрады.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

-Балаларға арналаған автокреслоның нақты қандай болу керек екені белгісіз. Сондықтан жүргізушілер қолға ілінген креслоны сатып алуда. Оның басым бөлігі Қытайда жасалған, сапасы сын көтермейді. Біз айтқан талап кешеуілдесе, халық тағы шығынға батады.