ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл шымкенттіктер сұранысқа ие 37 мемлекеттік номерді сатып алған. «Клиенттер арасында 001, 002, 007, 003, 005, 009, 100, 111, 999, 200, 777, 888, 333, 800 номерлері сұранысқа ие. Номер сатудан мемлекет бюджетіне түскен табыс 13 млн. 264 мың 24 теңгені құрады», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың 2 айында ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-экзаменациялық бөлімі тұрғындарға сұранысқа ие 54 мемномерді тапсырды. Оның жалпы сомасы 18 млн. 249 мың теңге. Еске сала кетейік, номерлердің құны 253 мың теңгеден 423 мың теңгеге дейін.