Оның айтуынша, 27 қаңтар күні кешкі сағат 19.30 шамасында Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Чапаев ауылына 17 шақырым қалғанда, Атыраудан келе жатқан «Сетра» автобусы сынып қалған. Хабарды естіген бойда жол-күзет батальоны қызметкерлері, полиция старшинасы Хайдар Есмағұлов пен сержант Айдар Жұмағалиев жетіп, жолда қалған 45 жолаушыны түрлі көліктермен қалаға жеткізуді ұйымдастырған. Жүргізушіге де көмек көрсетілген. Сол сияқты 28 қаңтар күні сағат 02.30 шамасында Самара-Шымкент жолы бойында, Горбунов ауылына жетпей қос бірдей «Skania» мен «Volvo» жүк көліктері тіркемелерімен 30 градус аязда жанар-жағар майлары қатып, тұрып қалған. Жүргізушілер Бөкей Тұрдықұлов пен Ергемберді Ергешов Санкт-Петербордан Шымкентке тауар тиеп келе жатқан беттері екен. Полиция қызметкерлері, лейтенант Жарас Сақауов пен аға сержант Мирас Ғұмаров қолұшын беріп, жақын ауылдан адамдар келіп, таңғы 06.00-ларға дейін жүрген. Содан кейін аталған жүргізушілер ауқаттанып, машиналарын қыздырып, аттанып кетті.
Жалпы, әкімшілік полиция қызметкерлері қыстыгүні аязда алыс жолға шықпау қажеттігін ескертеді.