Азамат Бейспеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азамат Бейспеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Азамат Бейспеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Азамат Бейспеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

  • 6 Ақпан 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет қаулысымен Азамат Өмірзақұлы Бейспеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұрын осы лауазымды Ержан Мырзабаев атқарған.

Азамат Бейспеков 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Академик Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы кедендік бақылау комитетінің кедендік ресімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2009-2011 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде индустриялық саясат және стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы.

2011-2012 жылдары – Премьер-министр кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы.


2012-2015 жылдары Президент әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2020 жылдары – кеңесші, инспектор, қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің сектор меңгерушісі.

2020 жылдан 2022 жылға дейін қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.