Жарияланды: 500

Азаматтардың су объектілеріндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін реттейтін нормативті-құқықтық актілер қабылдау қажет

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы демалыс және шомылатын орындарда, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жасады,

деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі. Талдау нәтижесі су жағалауларындағы демалыс орындарының ереже бойынша ескерту белгілерімен, құтқарушы бекеттермен және алғашқы медициналық көмек көрсету қызметімен жабдықталмағанын көрсетті. Осының салдарынан республика көлемінде су айдандарында қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың саны арта түсуде. Атап айтқанда, 2009 жылы су айдындарында 466 адам қайтыс болса, 2010 жылы олардың саны 636-ға жеткен. Прокурорлар анықтағандай, су айдындарындағы адамдардың қауіпсіздігі мәселелері судағы құтқарушы стансалардың жеткіліксіздігі мен олардың жағдайының нашарлығына байланысты. Республика бойынша су айдындарында шомылуға және демалуға арналған 721 орын ресми түрде тіркелген. Ал өз кезегінде барлығы 58 судағы құтқарушы стансалар жұмыс жасаса, олардың ішінде тек 29-ы ғана жоғарыдан бақылайтын бағаналар. Сондықтан судағы құтқарушы қызметтер санының аздығына және материалды-техникалық жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілгеніне байланысты олардың шомылу кезеңінде жағалаудан тиісті деңгейде бақылау жасауға мүмкіншілігі жоқ. Тексеру нәтижесі бойынша Бас прокуратура Үкімметтің назарын азаматтардың су объектілеріндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді және аумақтық судағы құтқарушы қызметтердің жүйесін дамытуға бағытталған шараларды қабылдау қажеттілігіне аударды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін