«Біз бүгінде азаматтық қоғам институттарының құқығын шектейтін заңдарды жібермеуге, ал оларды дамытуға ынталандыратын заңдарды қабылдауға кепілдік бере аламыз»,- деді Бақытжан Жұмағұлов.
Оның хабарлауынша, азаматтық қоғамды дамыту концепциясына сәйкес «Қайырымдылық іс-қызметі туралы», «Еріктілік туралы», «Қоғамға пайдалы іс-қызметтер туралы», «Ұлттық азаматтық қор туралы» және «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңдарды әзірлеп, қабылдау жоспарланған.
Сонымен қатар, оның айтуынша «депутаттардың коммерциялық емес секторларға салық салу, жеке бизнестің қайырымдылығын ынталандыру және де Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары мүделлік танытып отырған басқа да ұсыныстар бойынша салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары бар».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті