«Ғимараттың 2-қабатындағы оргтехника мен жиһаздың өртенуі салдарынан қалың түтін пайда болып, өрттің сөндірілуін кешеуілдетті», — деп мәлім етті қалалық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Екатерина Журавлева.
Оның айтуынша, оқиға орнына 60 маман, 13 арнайы техника жұмылдырылды.
«Өрт сағат 12.07-дер шамасында сөндірілді. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», — деп қорытындылады ТДЖ қызметкері.