Ә. Аббасовтың айтуынша, Әзербайжанда ғарыш саласын дамыту бойынша ел басшылығының тапсырмасына сәйкес, ғарышқа екі жасанды телекоммуникациялық жер серіктерін ұшыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен келісім-шарттар қазірдің өзінде дайын тұр.
«Қазіргі уақытта ел президентінің осы келісім-шарттарға қол қоюы үшін және оларды жүзеге асыру үшін тиісті қаулы дайындалуда. Осы екі жобаның әрқайсысы коммерциялық және рентабельді болып табылады. Олар Әзербайжанның ғарыш нарығына шығуын қамтамасыз етеді. Егер осы жобаларды жүзеге асыру ағымдағы жылдың қыркүйек немесе қазан айларынан кешіктірілмей басталса, Әзербайжанның алғашқы жасанды байланыс жер серігі (AzerSat) ғарышқа 2010 жылы, ал екіншісі — 2011 жылы ұшырылуы мүмкін», — деп атап көрсетті Ә. Аббасов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті