Жарияланды: 570

Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды

Баку. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Баку прокуратурасына сілтеме жасап.

"Жарылыс жексенбі күні кешке Баку қаласының Нариман ауданында орналасқан "Абу-Бекр" мешітінде кешкі намаз уақытында сағат 20.50-де болған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, мешіттің терезесі арқылы граната лақтырылған. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, жараланғандардың арасында мешіттің имамы - Гамет Сулейманов бар", - деп хабарлайды прокуратурадағылар. Баку қалалық прокуратурасы жарылыс дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Жарылысқа қатысты алдын-ала мәліметтер бүгін белгілі болмақ. Жарылыс сәтінде мешітте 500 адам болған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін