Әзербайжан елден шығаруға рұқсат берілген қара уылдырық көлемін 125 грамға дейін қысқартты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан елден шығаруға рұқсат берілген қара уылдырық көлемін 125 грамға дейін қысқартты

Әзербайжан елден шығаруға рұқсат берілген қара уылдырық көлемін 125 грамға дейін қысқартты

Баку. 18-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның министрлер кабинеті шетелге баратын ел азаматтары үшін алып жүруге рұқсат берілген қара уылдырық көлемін 2 есе қысқартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әзірбайжан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Ақпан 2008
  • 362
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр Артур Расизаде 2008 жылдың 11-ақпаны күні министрлер кабинетінің 2001 жылдың 31-мамырында бекітілген «Әзербайжанның кедендік шекарасынан жеке тұлғалардың өндіріске және коммерцияға арналмаған тауарларды алып өту ережесіне» өзгерістер енгізу туралы қаулыға қол қойды.

«Осы өзгертулерге сәйкес, ендігәрі шетелге баратын жеке тұлғалар Әзербайжанның кедендік шекарасынан бұрын бекітілген 250 грамм қара уылдырықтың орынына 125 грамм ғана алып өте алатын болады», — деп атап көрсетті үкіметте.

Аталмыш қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті