«Бакуде 6-8 ақпан күндері өткен кездесу барысында Каспийдің құқықтық дәрежесі туралы ой-пікірлер алмасылды, теңіз түбін бөлу және Әзербайжан мен Түркіменстан арасындағы теңіз түбінің орта сызығының координаттарын анықтау мәселелері талқыланды. Тараптар талқылауларға оң баға беріп, кезекті кездесуді Ашхабад қаласында өткізуге келісті», — деп көрсетілген хабарламада.
Кездесуде Түркіменстан делегациясын Түркіменстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Хошкелді Бабаев, ал Әзербайжан делегациясын республиканың сыртқы істер министрі Халаф Халафов басқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті