Ресей президенті Дмитрий Медведевпен бірге жүрген делегация құрамында Ресейдің бір топ іскерлері бар. Олардың арасында ЛУКОЙЛ президенті, Внешторгбанк басшысы, «Газпром» басқармасының төрағасы, «Альфа-банк» президенті, Ресей темір жолдарының басшысы бар.
Қазіргі уақытта келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты 5 құжатқа қол қойылған. Оның ішінде, Ресей мен Әзербайжан арасындағы Достық және стратегиялық серіктестік жөніндегі декларация бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті