«Біздің елімізде үлкен табыс әкелетін мұнай секторы өте дамыған. Мемлекеттік валюталық қоры $10 млрд асады, болашақта оның мөлшері одан бетер артады. Әзербайжандағы мұнайгаз ресурстары кемінде 100 жылға жетеді «, — деп атап өтті И. Алиев.
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, Шах-Дениз кен орны игеріле бастағаннан кейін Әзербайжан газды экспорттаушы елге айналды.
«Болашақта газ шығару көлемі ұлғайып, оны экспорттау географиясын да кеңейеді. Әзербайжан кейбір мемлекеттер мен аймақтарға тиімді шарттар бойынша газ тасымалдау жобаларына қатысуға дайын. Қазірдің өзінде біз бірқатар мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырмыз», — деп түсіндірді ол.
«Caspian Oil & Gas 2008″ көрмесіне әлемнің 33 мемлекетінің 380 компаниясы қатысып отыр. Көрменің жұмысы 6 маусымға дейін жалғасады. Көрме аясында 4-5 маусымда » Еуропаны қуат көздерімен қамтамасыз етуде Каспийдің мұнайгаз ресурстарының ролі» атты конференция өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті