Әзербайжанда Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан алты адамның бесеуінің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда  Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан алты адамның бесеуінің мәйіті табылды

Әзербайжанда Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан алты адамның бесеуінің мәйіті табылды

Баку. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде "Азербайджан хава йоллары" Мемлекеттік концерніне тиесілі, Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының тапсырысымен рейске шыққан Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан соңғы адамның мәйіті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының хабарлауынша, 26 қазанда 16.00 сағат шамасында Мемлекеттік мұнай компаниясының Каспийдегі мұнай теңіз флотының Chalgan және Absheron-12 кемелері тағы бір адамның мәйітін тауып алды.

«Қаза тапқан адамның аты-жөні анықталды, ол — 6-шы разрядты электрик Захид Шашкаев. Қаза тапқан соңғы адамның мәйіті іздестіріліп жатыр», — деп хабарлайды компаниядағылар.

Еске сала кетейік, «Азербайджан хава йоллары» мемлекеттік концерніне қарасты Ми-8 тікұшағы «Хазар-4» қалқымалы теңіз платформасынан ұшу сәтінде құлаған. Оның бортында екі жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған, олардың бәрі де қаза атпты.

Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының ақпаратына сәйкес, тікұшақ платформаға ауырып қалған мұнайшыны алу үшін келген.

Тікұшақтың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті