Әзербайжанда Ресей азаматтарының 75% "Единая Россия" үшін дауыс берді - РФ елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда  Ресей азаматтарының  75%   "Единая  Россия" үшін дауыс берді - РФ елшісі

Әзербайжанда Ресей азаматтарының 75% "Единая Россия" үшін дауыс берді - РФ елшісі

Баку. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Мемлекеттік Думасына 2-желтоқсанда өткен сайлауда Әзербайжан аумағында 1497 адам қатысты, олардың 75% "Единая Россия" үшін дауыс берді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Әзербайжандағы елшісі Василий Истратов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 503
Фото - Caravan.kz

«1118 адам, яғни, бүкіл дауыстың 75% «Единая Россия» үшін берілді, бұл партияны қолдау деңгейі мен оның басты үміткері — Ресей президенті Владимир Путинді қолдау деңгейінің өсе түскенін көрсетеді. КПРФ үшін 6,7%, ЛДПР үшін — 5,6%, «ЯБЛоко» үшін — 2,8% дауыс берілді. Қалған партиялар 1% төмен сайлаушы дауысына ие болды», -деді В. Истратов.

Елшінің айтуынша, осы жолғы сайлау барысында дауыс беруге келген сайлаушылар саны 2003 жылғы сайлаумен салыстырғанда 15 — 20% өсті.

В. Истратов бұған қоса жалпы алғанда Мемлекеттік дума сайлауының қорытындысы күмән тудырмайтыынн атап өтті.

«Сайлауға қатысты халықаралық және жергілікті байқаушылардың берген бағасы әртүрлі. Әзірге біз нақты ескертулер мен беті ашылған заң бұзушылықтарды көрмей отырмыз, ал айтылған кемшіліктерге қарсы дауласуға болады. Меніңше, көпшілік үшін сайлау нәтижесі күдік-күмән туғызбайды», -деп санайды дипломат.

Әзербайжандағы сайлау учаскелері Бакуде (Ресей елшілігінің ғимаратында) және Габалада (радиолокациялық станцияда) ашылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті