Әзербайжанға жаңа паром жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанға жаңа паром жеткізілді

Әзербайжанға жаңа паром жеткізілді

Баку. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанға Каспий теңізі бумен жүретін теңіз кемелерінің ұйымымен (КАСПАР) Хорватияның Пула қаласында сатып алынған жаңа паром жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Паромның ұзындығы 154,5 метр. Паром ернеуге 52 вагон алуға қауқары бар. Кеме тек аса қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған (сұйытылған газ, ашық және қара мұнай өнімдері). Бүгінде тапсыру процедуралары жүргізіліп жатыр «, — деді мамандар.

Жаңа паром Баку — Ақтау және Баку — Түркменбашы бағытымен жүретін болады.

Бұдан бұрын «Каспар» ұйымның басшысы Айдын Баширов, хабарлағанындай, Баку — Тбилиси — Карс темір жол құрылысы аяқталғаннан кейін, Әзербайжан арқылы Еуропадан Азияға тасымалданатын жүк көлемі артады.Осыған байланысты олар ернеуіне 52 вагонды алып жүретін жаңа бес паромды сатып алуды жоспарлап отыр. Алдағы жылы Каспар 4 паромды сатып алмақшы.

Бүгінгі күнде Каспардың есебінде 28 вагонды тасымалдай алатын 7 паром бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті