Әзербайжанның қазіргі президенті алдын-ала мәліметке сәйкес сайлаушылардың 89,04% дауысын жинады - ОСК
Баку. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Алиев алдын-ала мәліметке сәйкес сайлаушылардың 89,04% дауысын жинады. Бұл туралы осы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен 70% сайлау учаскелерінен келген хаттамалар өңделді. Алдын-ала қорытынды бойынша Ильхам Алиев үшін 2 млн. 329 мың 625 сайлаушы, немесе 89,04% дауыс берген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін