«Біз барлық салаларды қамтитын ынтымақтастықты дамытуды талқыладық. Елдеріміз арасындағы экономикалық және сауда қатынастары өсімді көрсетеді», — деп Н.Алиев сейсенбі күні мәлімдеді.
Оның айтуынша, энергетика Қазақстан және Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
«Қазақстан мұнайы Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры бойынша тасымалданады. Каспий аймағында бірде-бір энергетикалық жоба елдеріміздің қатысуынсыз өтпейді. Біз энергетика саласындағы өзара байланысты дамытумен белсенді жұмыс істейміз. Әзірбайжан қазақстанжық ірі Қашаған кенішін пайдалануға беруді асыға күтеді», — дейді министр.
Н.Алиев Әзірбайжан мен Қазақстаның туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндігі бар екенін айтады.