Әзірбайжанда Ататүрік есімін беруге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзірбайжанда Ататүрік есімін беруге тыйым салынды

Әзірбайжанда Ататүрік есімін беруге тыйым салынды

Әзірбайжанда нәрестеге түркі әлемінің ұлы тұлғасы  Ататүріктің есімін беруге тыйым салынды. Бұл туралы АПА агенттігіне үкімет жанындағы терминология жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Саялы Садығова мәлім етті. 

  • 12 Ақпан 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл тыйым бейресми сипатқа ие. Соған қарамастан,  ел билігі сәбиіне танымал саясаткердің есімін беремін деп келгендерге келісім бермей отыр. Әзірбайжан билігінің бұл шешімді қабылдауына Түркия үкіметінің өтініші себеп болған екен. Алайда, түрік ағайындардың мұндай өтінішті қашан айтып жүргені белгісіз.

Өткен жылдың мамыр айында Садығова жергілікті тұрғындарға Түркияның тұңғыш президентінің есімі беруге тосқауыл қойылатыны туралы айтып еді.

«Ататүрік — тарихи тұлға, сондықтан ол тек Түрік еліне тиесілі болуы керек», — деген С.Садығова қазіргі күні  Әзірбайжанда көшбасшының есімін иеленген 18 адам тұратынын айтты.

Жалпы, аталмыш комиссия бұған дейін адам атына қатысты бірқатар мәлімдеме жасаған-ды. Мәселен, 2011 жылы комиссия мүшелері елдегі әрбір оныншы есім стандарттарға сай еместігін айтса, 2013 жылы жаңа туған балаға қойылып жатқан есімдердің көбі шетелдік болып отырғанын алға тартып мәселе көтерген болатын, деп жазады Lenta.ru.