Жарияланды: 190

Әзірбайжандар Қазақстанда Пашинянның ұрланған дипломатиялық паспортын сатқан - БАҚ

Әзірбайжандар Қазақстанда Пашинянның ұрланған дипломатиялық паспортын сатқан - БАҚ Сурет - РБК

Армения премьер-министрі өз сұхбаттарының бірінде тәртіпсіздіктер кезінде дипломатиялық төлқұжаты ұрланғаны туралы шағымданды

Армения Таулы Қарабақта жеңіліске ұшырағандықтан елде толқулар басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз адамдар үкімет ғимаратынан түрлі заттар мен қатар 14 дипломатиялық паспортты ұрлап кеткен.

Бұған дейін үкімет жанындағы сараптама орталығының бұрынғы қызметкері Андраник Ованнисян Армения премьер-министрі Пашинянның дипломатиялық төлқұжатын Қазақстандағы әзірбайжандардан сатып алғандығы жайлы хабарлаған болатын. Ол «жігіттермен» 2020 жылдың қазанында кездесіпті және олар оған ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Аргишти Кярамян арқылы барлық армян құжаттарын сатып алып жатқандықтарын айтты. Ованисянға 2019 жылдан бастап елге кіруге тыйым салынған

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін