«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Кеше ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ербол Абдуахитұлы Мәмбетов «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды. Отыздың ортасына аяқ басқан Ербол Абдуахитұлы осыған дейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде наиб имамдық қызметінде болып, дін жолында еңбек етіп келген, деп хабарлады muslim.kz.

  • 29 Қараша 2013
  • 398
Фото - Caravan.kz

1981 жылы Өзбекстанда дүние есігін ашқан ол орта білімді ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық мектебінен алып шығады. Мектеп бітірісімен медіресеге оқуға түскен оның дін жолындағы сапары Шымкент қаласындағы ХҚАУ-дың «дінтану және араб тілі» факультетінде жалғасады. 2002 жылы аталмыш оқу ордасын бітіріп, діни білімін Алматы қаласындағы «Таугүл» пансионатында жалғастырды.

2005-жылы Ыстамбұл қаласындағы «Осман қазы» Құран курсын тәмамдаған ол елге келген соң Елордамыздағы №4 гимназияда араб тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Кейіннен Қосшы ауылындағы Қабанбай батыр мешітінде көмекші молда қызметіне кіріседі. Білімі мен біліктілігі арқасында көзге түскен Ербол «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне наиб имамдық қызметке жоғарылатылған.