«Азия Авто» зауыты Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Азия Авто» зауыты Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады

«Азия Авто» зауыты Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады

Қазақстандық автомобиль нарығында Skoda орта тап пен кроссовер сегментінде 4 жаңа модельмен толығады.  «Азия Авто» республикадағы ірі автомобиль зауыты Skoda Octavia 4x4, Octavia Combi 4x4, Octavia Scout және Yeti 1.6 MPI AT құрастыра бастады.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 450
Фото - Caravan.kz

Компаниядан хабарлағандай, Skoda маркасына деген сұраныс биыл артқан. 2014 жылдың қаңтарынан қазанына дейін  сатылған көліктер саны 43% артқан. 2015 жылдың ақпанынан қазақстандықтар Skoda-ның оннан астам автомобиль модельдері мен модификацияларына қол жеткізе алады.

«Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың сөзіне қарағанда, зауытта  Skoda-ның жаңа модельдері құрастырыла бастады.

«Бүгін Skoda Қазақстанда жақсы сатылатын автомобильдердің ондығына енген.   Қаңтар-қазан айларында шығарылған өнімнің 21% жуығы Skoda үлесі. Аталған маркаға деген сұраныстың артуы ағымдағы жылдың шілде айында Rapid Spacebask хэтчбегін, Octavia RS лифтбэктерін және Octavia 1.6 MPI құрастыра бастауымен байланысты. Жаңа көлік иелерінің көбі Rapid-ті таңдаған. Бүгінде бұл еуропалық модель Қазақстан нарығында бірінші орында.

Жаңа модельдер 2015 жылдың ақпанынан сатыла бастайды деп жоспарланған. 


2