Жарияланды: 550

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогындағы ең бір күрделі мәселе - өзара әскери-саяси ықпалдастық мәселесі болып табылады - ҚР СІМ-нің орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің сенім шараларының Каталогындағы ең бір күрделісі- өзара әскери-саяси ықпалдастық мәселесі болып табылады. Өйткені бұл - әскери ақпарат алмасу мәселесімен тығыз байланысты. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов

атап көрсетті. Оның айтуынша, "қазіргі таңда өзара әскери сипаттағы ақпараттарды алмаспайынша, жаңа қатерлерге қарсы бірлесіп күреспейінше Азия аймағындағы тұрақтылықты нығайту мүмкін емес". "Әскери-саяси ықпалдастық саласында өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері мол, бұл тұрғыда бірлесіп анықтайтын мәселелер мен механизмдер де көп",- деді Қ.Әбусеитов. Атап айтсақ, бұл - ұйымдасқан қылмыскер қоғамдастықтар мен лаңкестік топтардың заңсыз әрекеттері туралы ақпараттарды алмасу, олардың әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталған бірлескен шаралар жөніндегі келісімдер мен тетіктерді айқындау, күдіктілерді бір-біріне беру т.б. " Қ.Әбусеитовтың пікірінше, Азия құрлығында қазір қалыптасып отырған ахуал әскери-саяси ықпалдастық саласындағы көзделген барлық шараларды толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Оны барлығы да түсініп отыр. Дейтұрғанмен, бір жағынан консенсусты сақтай отырып, екінші жағынан сенім шараларын жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдарды біртіндеп жасай бастаудың маңызы зор",-деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть