Азық-түлік бағасы ұдайы бақылауда ұсталуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік бағасы ұдайы бақылауда ұсталуы тиіс

Азық-түлік бағасы ұдайы бақылауда ұсталуы тиіс

Әсіресе өндірушінің өнімін орта жолдан көтерме сатып алып, бағасын бірнеше есеге өсіріп жіберетіндермен күресті күшейту қажет, - деп хабарлайды 24.kz.

  • 23 Қараша 2015
  • 614
Фото - Caravan.kz

Елбасының осыдай нақты тапсырмасын қаперге алған өңір басшылары қазір азық-түлік бағасына мониторинг жасап, алыпсатарлықтың алдын алуға кірісті. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын төмендету мақсатында тұрақтандыру қорындағы тауарларды сатылымға шығару шарасы жүзеге асырылды. Қатауолла Ашығалиев төрт жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отырған ірі агрохолдингке басшылық етеді. Шаруашылықтың бағымындағы гольдштейн фриз тұқымды сиыр сүті дәрумендерге бай. Сондықтан әркез сұранысқа ие. Ал құс фермасында өндірілген жұмыртқа нарыққа арзан бағамен ұсынылады. Өндірген өніміміздің бағасы шарықтап кетпеуі үшін мемлекет тарапынан қатаң бақылау қажет. «Президенттің бұл бағытта берген тапсырмасы біз секілді тауар өндірушілердің көңілінен шығып отыр»,- дейді шаруа.

Қатауолла Ашығалиев, «Ақас» шаруа қожалығының басшысы: — Қазақтар өте бақытты халық қой. Осындай уақытта осындай кісі елді басқарып жүр. Елбасы арқасында экономикада жағдай жаман емес. Бәрі жақсы болады. Өздеріміз өсіріп, теңгеге сатып жатырмыз, ешқандай доллар, еуроның мұнда әсері жоқ. Егер азық-түлік өнімдерінің 80%-ы өзімізде өндірілетін болса, бағаны негізсіз өсіруге еш себеп жоқ. Сондықтан сауда сөрелеріне жеткен тауар өндірушілердің өнімі қымбат болмауы тиіс. Президент бағаны төмендетеміз деп, бизнеске күш салмау қажеттігін ескертті. Алайда алыпсатарлыққа да жол бере алмаймыз деп отыр мамандар.


Ержан Балтаев, «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы: — Облыстық әкімдіктің жанында штаб құрылған. Сол штаб шеңберінде біз мониторинг жүргізіп, егер қандай да бір тауар, сол Үкіметтің қаулысымен бекітілген 18 топ тауар бар. Егер солардың қай-қайсысында бағалар өсіп жатса, тиісті шаралар қолданамыз. Ол – тауарлық интервенция жасау. Яғни қазіргі таңда біз өсімдік майы мен күріштің тауарлық интервенциясын жасаудамыз. Ол өзінің нәтижесін беруде. Тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтағы бағадан бірнеше есеге арзан. Сондықтан тауар құнын төмендетудің тиімді тетігі ретіндегі маңызы зор деп отыр мамандар.