«Биыл корпорация ауыл шаруашылығының өндірісіне 70 млрд теңгеге дейінгі көлемдегі қаражат салуды жоспарлап отыр. Оның 39 млрд теңгесі астық саласын қаржыландыруға жұмсалады», — деп мәлімдеді Р. Әзімов.
Сонымен қатар, ол жер иелерін қаржыландыру шарттарының өзгергенін хабарлады. «Көктемде жер иелері гектарына 100 АҚШ доллары қаржыландырылады. Ал баға күзде дүниежүзілік нарық жағдайына сәйкес анықталады», — деп түсіндірді «Азық-түлік келісімшарты корпорациясының» басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті