Жарияланды: 430

Азық-түлік корпорациясы 2010 жылдың нәтижелері бойынша жай акцияларға дивидендтерін екі есеге төмендетті

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ өзінің жалғыз акционері "ҚазАгро" мемлекеттік холдингісіне 2010 жылдың нәтижелері бойынша жай акцияларға дивиденд ретінде 411 млн 449,445 мың теңге төледі, деп хабарлады корпорациядан.

Төлем 28-маусымда жүргізілді. Алдында хабарланғандай, аудиттелген халықаралық стандарттарға сай қаржылық есепке сәйкес аталмыш корпорацияның таза пайдасы 2010 жылы 1,5 млрд теңгені құрады. 2009 жылы корпорация 1 млрд 600,515 млн теңге таза пайдадан жай акцияларға 800 млн 257,5 мың теңге дивиденд төледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін