Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықта сату мақсатымен 1 млн. тонна астық қорын сақтауды көздеп отыр
Биыл "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" 2,5 млн. тонна астық сатып алады, оның 1 млн. тоннасын ішкі нарықта сату үшін қор ретінде сақтауды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 7-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" ЖАҚ-ның вице-президенті Абай Бейсембаев хабарлады. |
Оның айтуынша, астықтың 1 тоннасы 125 долларға сатылған жағдайда бір бөлке нанның бағасы 27-28 теңгеден аспауы тиіс.
Азық-түлік корпорациясы өкілінің мәліметіне сүйенсек, ішкі рынокта сатылатын астық мөлшері тепе-теңдікке тікелей байланысты болмақ. "Егер бұл ауқым жеткіліксіз болып, нан бағасы шұғыл қымбаттаса, онда үкімет шектеу шарасын қолданады",- деді А.Бейсембаев.
Оның айтуынша, биыл астық сатып алу мақсатына бюджеттен 5,5 млрд. теңге бөлінген, бұған қосымша ретінде "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" коммерциялық банктерден несие түрінде 200 млн. доллар алды." Азық-түлік корпорациясы биыл нан сатып алуға небәрі 40 млрд. теңге жұмсады",- деді ол.
А.Бейсембаевтың айтуынша, қазір корпорация астықтың бір тоннасын 125 долларға сатып алып, оны өзіндік құнынан төмен емес бағаға сатуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін