Б. Сағынтаев БҰҰ арнайы өкілі Петко Драгановпен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сағынтаев БҰҰ арнайы өкілі Петко Драгановпен келіссөздер жүргізді

Б. Сағынтаев БҰҰ арнайы өкілі Петко Драгановпен келіссөздер жүргізді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев  Үкімет үйінде жақын арада тағайындалған БҰҰ арнайы өкілі  -

  • 30 Маусым 2015
  • 315
Фото - Caravan.kz

Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы бойынша БҰҰ Аймақтық орталығының (UNRCCA) басшысы Петко Драгановпен келіссөздер жүргізді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде  Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке төнген қауіп  және даму саласындағы мәселелерді шешуде БҰҰ-ның жетекші рөлін мойындайтынын атап өтті. 

«Қазақстанның көпмерзімді әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы сыртқы ортадағы, әсіресе, Орталық Азиядағы жағдайға байланысты.  Орталық Азияның экономикалық тұрақты, қауіпсіз дамуы, саяси тұрақты болуы біз үшін маңызды», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Аймақтағы мемлекетаралық қатынастардың осал тұстарының бірі су-энергетикалық ресурстар. Олардың тең бөлінбеуі, Орталық Азия елдеріндегі ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізеді.

Орталық Азия елдері арасында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану және күзетудің халықаралық құқық принциптері негізіндегі диалогты қолдауда БҰҰ мен оның құрылымдарының, соның ішінде UNRCCA маңызы зор. 


 «Қазақстан Орталықтың Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын трансшекаралық басқару үшін нормативті-құқықтық базаны жаңғырту және халықаралық сарапшыларды тарту арқылы ортақ су ресурстарын пайдалану бойынша іс-әрекеттерін жоғары бағалайды», — деді Бақытжан Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Петко Драгановты UNRCCA басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, оның бай тәжірибесі орталық алдындағы міндеттерді сәтті орындауға септесетініне сенім білдірді.