«Бізге шекарааралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша көрші елдермен өзара байланысты реттеуге ерекше көңіл бөлу керек. Суды пайдалану және су сапасы жөніндегі комиссияларды біріктіру қажет, бізге түсініксіз қаптаған жұмыс құрылымдары қажет емес, бір комиссия шеіберінде алдымызда тұрған бар мәселені шешкен дұрыс, өйткені олар бір біріне байланысты», — деп Б.Сағынтаев бүгін Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі кезде келіссөздер созылып кетті. Бұл көбінесе Қытайдың ұстанымы.