Б. Сапарбаев телерадиокомпаниялардан тілдер туралы заңды қатаң сақтауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Сапарбаев телерадиокомпаниялардан тілдер туралы заңды қатаң сақтауды талап етті

Б. Сапарбаев телерадиокомпаниялардан тілдер туралы заңды қатаң сақтауды талап етті

 Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері жөнінде жиын өтті.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 642
Фото - Caravan.kz

Рrimeminister.kz хабарлағандай, мәжіліс барысында ҚР заңнамаларын бұзушылық, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарды  бұзушылық фактілері қаралды.

Сонымен ҚР-дағы Тілдер туралы заңға сәйкес уақыт бойынша мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалар басқа тілдердегі теле-радио бағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Алайда, Б. Сапарбаев мониторинг барысында телерадио компаниялары тарапынан бұл талаптарды сақтамау фактілері  анықталған, яғни олар  белгіленген нормаларды бұзған.

Премьер-Министрдің орынбасары телерадиокомпаниядан тіл саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын қатаң орындауды талап етіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Осыған байланысты вице-премьер меморгандарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.