Бұл туралы ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiм еттi.
"Мемлекет басшысының Қазақ хандығының 550 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге қатысты берiлген тапсырмаларын iске асыруға, депутаттардың ұсынысына сәйкес, үш жылдық бюджетте шамамен 3 млрд. теңге бөлу көзделуде", — дедi министр ҚР Парламентi Сенатының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттi талқылауға арналған отырысында.
Оның атап көрсеткенiндей, Тiлдердi дамыту мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғастырылатын болады. Ол мақсатқа жыл сайын 3 млрд. теңге жұмсау қарастырылуда.