Б. Жәмішев Қызылорда облысына риза - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Жәмішев Қызылорда облысына риза

Б. Жәмішев Қызылорда облысына риза

Бүгін Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Қызылорда облысындағы бірқатар нысандарды аралап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына көңілі толатынын айтты.

  • 5 Ақпан 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz


Таңертең облыс әкімі Қырымбек Көшербаев министр бастаған жұмысшы топты жақын арада пайдалануға берілетін облыс әкімдігі яки, облыстық мекемелер ғимараты және Ана мен бала үйін аралатып көрсетті.
Облыстық мекемелер үйінің құрылысы 2011 жылдың қараша айында басталған. Жобалық құны 3 млрд. 986 млн. теңгені құрайды. Жеті қабат ғимараттың қос қанаты бес қабаттан тұрады. Онда 22 басқарма мен 2 бөлім орналасатын болады. Серіктестік директоры Әбубәкір Ибрагим жаңа нысан ақпан айының соңына дейін пайдалануға берілетінін жеткізді.
Мұнан кейін министр «Ана мен бала үйіне» аялдады. Құрылысы 2008 жылы басталған нысан бас мердігер «Альянс» ЖШС салғырттығынан сақалды құрылысқа айналды. Жоба құны 4 млрд. 800 млн. теңге. Бүгінде құрылыс жұмыстарымен «Әбу-Сер» ЖШС қосалқы мердігер ретінде айналысуда. Ғимарат 8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Өткен жылы Қызылорда облысында жалпы көлемі 36,6 мың шаршы метрді құрайтын 93 үй пайдалануға берілсе, 2014 жылы құны 5 млрд. 200млн. теңгені құрайтын 101 тұрғын үй берілмекші.
Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев жұмыс сапарын «Бастау» бизнес орталығында қорытындылады.