Б. Жұмағұлов педагог мамандардың ақпараттық заманға ілесе алмай жатқанына алаңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Жұмағұлов педагог мамандардың ақпараттық заманға ілесе алмай жатқанына алаңдайды

Б. Жұмағұлов педагог мамандардың ақпараттық заманға ілесе алмай жатқанына алаңдайды

Бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов педагог мамандардың ақпараттық заманға ілесе алмай жатқанына алаңдаңдаушылық білдіріп, олардың барлығын қазіргі байланыс технологияларын жан-жақты меңгеруге шақырды.

  • 23 Тамыз 2013
  • 488
Фото - Caravan.kz


«Бүгінде біздің балаларымыз сандық ақпарат айдынында еркін жүзіп жүр. Ал барлық мұғалімдердің осы балалардан қалып қоймауға шамасы жете ме? Өкінішке қарай, бәрі бірдей емес», — деп атап көрсетті Б.Жұмағұлов. Оның айтуынша, бұл жағдай баланың айналадағы дүниені ұстаздың көмегімен емес, компьютер арқылы тануға әкеліп соқтырады. Ал ғаламторда құнды ақпараттармен бірге жастардың санасына кері әсер ететін жәйттер де көптеп кездеседі. «Сондықтан әрбір педагог, біріншіден, заманауи желілік коммуникациялық технологияларды жоғары деңгейде меңгеруі тиіс. Екіншіден, виртуалды кеңістіктің артықшылығы мен кемшілігін өз тәжірибесі арқылы білуі керек. Үшіншіден, балаларды мұндай технологияларды саналы түрде пайдалануға үйретіп, жаңаша ойлау қабілетін дамыту қажет», — деді министр.